IQ дегеніміз - ағылшын тілінен аударылғанда "Зияткерлілік коэффициенті" деген мағынаны береді (ағыл.т IQ — intelligence quotient). Яғни адамдардың тез қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. IQ дің өміріміздегі алатын орны өте маңызды. Себебі, жетістікке жету жолында көптеген рөлдер атқарады.
IQ деген не және маңыздылығы?
IQ дамыту жолдары
1
Кітап оқу, жаттау, ойлану.
2
Жұмбақтар шешу
3
Стратегиялық ойындар ойнау
4
Логикалық тапсырмалар орындау
Каталог
Біз жайлы
Біздің орталығымыз 2018 жылдың қараша айынан бастап қызметін жалғастырып келеді. Біздің бастапқы мақсатымыз еліміздің болашағы болған балаларымыздың қабілеттерін одан әрі дамытуға жағдай жасау. Қазіргі таңда серіктес TUZDER компаниясымен бірге қазақ және орыс тілдерінде дамыту ойындары мен кітаптарын сіздерге ұсынып жатырмыз. Осымен бірге ашылған уақыттан бері көптеген ойын сауық орталықтарында балалар мен ата-аналарға тегін логикалық ойындар мастер-класстарын өткізудеміз. Осы мастер-класcтар нәтижесінде және жасаған анализдеріміздің қорытындысы ретінде 99 % ата-аналарымыздың риза болғанын байқадық. Осы ризашылық біздің осы қызметті одан әрі дамытуымызға үлкен жігер берді. Сол үшін алдымыздағы жылы сіздер үшін дамыту орталығын ашайық деп шешім қабылдадық. Орталығымызда кездескенше!
ZERBALA балалардың интеллектуалын дамыту орталығының директоры: Мейрамбек.
Экологиялық тұрғыдан таза материалдар
Халықаралық ICIE сараптамаcынан өткен
Тек қана іріктелген ойындар. STEM және TIMMS'ке ыңғайлы.
Алмас Қабденұлы QAZYNA кітап дүкендер желісінің басшысы
Құрметті ZERBALA компаниясының ұжымы! Сіздердің 9 кітаптан тұратын логиканы дамытуға арналған кітаптар топтамасы ерекше екен! Қазір балаларға арнап шығарылып жатқан кітаптар өте көп қой, әр түрлі бағытта шығып жатыр. Бірақ заманауи, жүйелі түрде баланың ой өрісін дамытуға, жүйелі түрде баланың ішкі қасиеттерін тәрбиелеуге, ойлау қабілетін, логикасын дамытуға, адамның өміріне көмек беретін кітапты шығарып бастағандарыңыз үлкен еңбек. Бұл кітаптар көптеген адамдардың үйлерінен табылуы керек деп ойлаймын. Үлкен кісілердің де дамуына арналған неше түрлі кітаптар бар, бірақ та үлкен кісіге күш салғаннан көрі осы жас ұрпақтың дамуына басымдылық беріп, олардың дамуына мүмкіндік беру әлдеқайда нәтижелірек болар еді, яғни ақ қағазға жазғандай бала тез дамып, тез қабылдап, өзінің өмір сүру сапасының жоғарылауына, білім алуға құштарлығын ашатын, жол көрсететін құрал болады деп ойлаймын бұл кітаптарды. Бұл кітаптар балалардың зейінін ашып, есте сақтау қабілетін арттыруға, әрі қазіргі заман талабы болған стандартты емес ойлау қабілетін арттыруға керемет мүмкіндік.
Дина Утамбетова Ата-ана
Логикалық кітаптарыңыз өте тамаша. Ең бастысы балаларды телефоннан шектеуге таптырмас құрал. Тапсырмалары өте ерекше. Өзіме де қызықты балалармен бірге кiрiсiп кетемін. Баланың ойлау кеңістігін, логикасын дамытатын пайдалы кітаптар. Балаларым куанып жүр. Рахмет сіздерге үлкен! Алдағы уақытта тағы тапсырыспен аламын.
Темирбек Әсел Ата-ана
Құрметті, ZERBALA ұжымы, қазақ және орыс тілінде жарық көрген кітаптарыңыз расымен де баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға керемет көмектеседі екен! Әсіресе, ұнағаны кітаптардың сапасы, түстері қанық, бояулардың үйлесімділігі баланың назарын аудартпай қоймайды. Тапсырмалар оңайдан біртіндеп қиындап, баланың ойлау қабылетін ақырындап арттырады екен! Ойындар да өте сапалы, ағаштан жасалған ойындар бала денсаулығына еш зиян келтірмейтініне сенімді боласың. Логикалық ойындар 4 жастан бастап 99 жасқа дейінгі ересектерге қызықты әрі пайдалы екен!